Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемге танымал қытай актері Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Кездесудің видеосын Президент Телерадиокешені INSTAGRAM парақшасында жария етті.
Кездесуде Елбасы қазақ-қытай қарым-қатынасына тоқталып, алда екі ел арасында кино саласында да ынтымақтастық орнайтынын айтты.
"Бізде Қытай Халық Республикасымен барлық бағыттар бойынша үлкен байланыс бар. Осы жылдар ішінде біз өте жақын болдық. Си Цзиньпин төраға болып 6 жыл жұмыс істейі. Мен онымен 20 рет кездестім. Бізде барлық мәселелер шешілген және "Бір белдеу, бір жол" жобасын Қазақстан бірінші болып қолдады. Және қажеттінің бәрін жасады. Киномотографтармен біз әлі ынтымақтаспадық. Бірлескен жобалар көп. Енді бірлескен фильмдер түсіреміз",-деді Елбасы.
Әлемге танымал актер, режиссер Джеки Чан қазақ халқының қонақжайлығына алғыс айтып, қазақ киноматографтарымен ынтымақтаса отырып, кино түсіру ниеті барын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанмен "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысу үшін Қытайға сапары кезінде кездесті.