Назарбаев Нұр-Cұлтанның даму жоспарымен танысты

24 сәуір, 09:29

Назарбаев Нұр-Сұлтан көшелеріндегі көлік жүктемесін азайту, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен экологиялық проблемаларды қарады. Бұл туралы 23 суірде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тәжірибені ескере отырып, қала құрылысының қажеттілігін атап өтті

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов Назарбаевқа қаланың одан әрі дамуы және жаңа құрылыс жөніндегі жоспарлар туралы баяндады. Бұрынғы мемлекет басшысы Елорда тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау қажеттігін баса айтты.