Нұрсұлтан Назарбаев Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Тұңғыш Президент-Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Бейжіңге сапары барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытайдың "Синьхуа" ақпараттық агенттігі, CCTV телеарнасы, "Жэньмин Жибао" газеті, Қытайдың Орталық радиосы, China News Service ақпараттық агенттігі, "Хуанцю шибао" басылымы сияқты бас ресми БАҚ-на сұхбат берді.
Елбасы
"Бір белдеу, бір жол" бастамасын
одан әрі іске асыру перспективасына
қатысты сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ
"Нұрлы жол" және "Жібек жолының
экономикалық белдеуі" бағдарламаларының
нәтижелері туралы айтты.