Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Зайсан ауданының әкімі болып Серик Зайнулдин тағайындалды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Зинабекұлы Зайнулдин 1964 жылы 25 ақпанда Зайсан қаласында дүниеге келген. Семей зооветеринарлық институтының зоотехник факультетін бітірген.
Еске салсақ, өткен аптада Зайсан ауданының халқы коронавирус қатысты елді дүрліктірді. Желіде коронавирус жұқтырған қытайлықтар Сарытерек пен Айнабұлақ ауылдарында оқшауланатын болыпты деген ақпаратты естіген тұрғындар көшеге шығып, шу шығарды. Наразылық орын алған күні аудан әкімі халықтың қасынан табылмады. Осы жағдайдан соң аудан әкім Серік Ақтанов қызметінен босатылды.