ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметіне Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы тағайындалды.
Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2010 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін үздік бітірді. Экономика және құқықтану саласында маман біліктілігі, сондай-ақ "мемлекеттік және жергілікті басқару" бейіні бойынша PhD докторы дәрежесі бар. Мемлекеттік басқару және білім беру жүйесін дамыту саласында 2 оқу құралының және 19 ғылыми мақаланың авторы.
2006-2012
жылдары Индиана
университетінде (АҚШ), Сингапур ұлттық
университетінің Ли Куан Ю атындағы
мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк
университетінің Сэндфор мемлекеттік
саясат мектебінде (АҚШ), голланд
мемлекеттік басқару институтында
(Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Кореяның
мемлекеттік аудит институтында
мемлекеттік басқару және аудит мәселелері
бойынша оқыту бағдарламаларынан
өтті.
Еңбек жолын 2000 жылы сот жүйесі
органдарында бастаған. Қаржы министрлігінде,
Жоғарғы Сотта, Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп
комитетінде әртүрлі басшылық қызметтерді
атқарды. 2007-2011 жылдары Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің
Жамбыл облысы Балалардың құқықтарын
қорғау департаментін басқарды.
2016
жылдың шілде айында Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті төрағасының
орынбасары болып тағайындалды. 2018
ж.7.03-13.09.2018 ж. аралығында негізгі
қызметкердің әлеуметтік демалысы
кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі
қызметін атқарды. Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
болып тағайындалды. 2019 жылдың ақпан
айынан бастап Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым вице-министрі қызметін
атқарды.