"Вторая Ташкенсткая" көшесінің тұрғындарына диірменкомбинатының жұмысына шағымданады. Зауыт шуына құлақтары үйренгенімен, диірменнен ұшып келетін кебектен әбден мазалары қашқан. Тынысалу қиындағандықтан үйлерінде қамалып отыруға мәжбүр тұрғындар тілшіміз Алиса Бойкоға денсаулықтарының да сыр бере бастағанын айтты.
"Зауыт жұмыс істегенде, әсіресе екі ауысымда жұмыс істесе, онда қалдықтар ұшып келеді. Тіпті кебек шатырды да жауып тастаған. Егер ауланы бір күн сыпырмасақ, онда аулада да кебек үйіндісі жиналып қалады", - дейді көше тұрғыны Тамара Оразалиева.
Диірменмен
көрші тұратындардың бәрінде аллергия
бар дейді Динара Оразалиева. Қыз
анасымен бірге өмір сүреді, өзі
дәрігер - невропатолог, бірақ соңғы
жылдары Динара өзі дәрігерлерге көрінуге
мәжбүр. Күн сайын үйін
ылғалдап, дәрі-дәрмек қабылдау шаршатты
дейді ол.
"Мен ешқашан
аллергияға ұшыраған емеспін.Ал енді
менде жөтел пайда болды,
үйді бірнеше рет жиналуға
тура келеді", - дейді Динара
Оразалиева
Кебек мәселесіне
жол да қосылды. Көктемде
диірменкомбинатының жанында тұрған
ұйым коммуникация жүргізген.
Одан келетін шаң қолқаны қабады.
Жаз бойы адамдар
терезелері жабық үйлерде отыруға мәжбүр,
таза ауаға шығу мүмкін
емес. Мұстафа Есеналиевтың
денсаулығы нашарлаған.Жазғы
демалысқа немерелері келгенде,
оларды да аулада ойната алмаған.
"Оларға
цемент зауытындағыдай сүзгі
қою керек, біз қалыпты жағдайда
өмір сүруіміз керек. Аллергиям асқынып,
тыныс ала алмаймын", - дейді Мұстафа
Есеналиев.
Шенеуніктер бұл мәселе
туралы журналистерден білді. Еңбекші
ауданы әкімінің орынбасары Александр
Малаховтың айтуынша, комбинатқа тұрғындар
шағым бермеген. Енді
тұрғындарға тиісті
органдарға өтініш жазу қажет, себебі
олардың айтуынша,
қалдықтармен дем алуға мәжбүр ететін
ұйымдарды арнайы рұқсатсыз тексеру
мүмкін емес.
"Бұл мәселе
бойынша тиісті органдарға жүгіну
керек, егер тұрғындар білмесе, онда біз
оларға кеңес береміз", - дейді Еңбекші
ауданы әкімінің орынбасары Александр
Малахов.