Мұнай компаниясы Жаңаөзеннен кетуге ниет білдіргендерге демеушілік жасайды

24 мамыр, 10:00

Жаңаөзен тұрғындарының солтүстікке көшуіне мұнай компаниясы демеушілік жасайды. ​Бұл туралы Маңғыстау облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзенде жұмыс сапарымен болды. Қала тұрғындарымен кездесу барысында Маңғыстау басшысы Жаңаөзенді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа кешенді жоспары қабылданғанын хабарлады.

Ералы Тоғжанов қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымының негізгі мәселелері бүгінгі күні шешілгенін айтты. Алайда, халық санының белсенді өсуін ескере отырып, Рахат және Теңге ауылдарындағы автожолдарды, инженерлік желілерді, сондай-ақ көше жарықтарын қосымша салу қажет.

Ағымдағы жылы Мерей, Бостандық, Мұнайлы шағын аудандарында және Теңге ауылында 18,3 км қалаішілік автожолдар салынады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 810 млн теңге бөлінді. Жұмыстар маусым айында басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады.

"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде сондай-ақ сапалы және жайлы тұру үшін жағдай жасай отырып, еңбек адамдары тапшы Солтүстік өңірлерге көшіру бойынша шаралар іске асырылуда. Бұл үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясының қатысуымен отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңге көлемінде қосымша бір жолғы материалдық көмек төленеді. Бағдарламада қарастырылған 88 мың теңге есебімен отбасының әрбір мүшесі көшуге 188 мың теңге алады. Алдағы уақытта жүйелі шаралар аясында Жаңаөзен қаласында жаңа жобалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, ШОБ дамыту, қаланың еңбекке жарамды халқын кәсіби қайта оқыту қамтамасыз етілетін болады.

Дерек көзі: neftekompaniya-prosponsiruet-zhelayushchih-uehat-iz-zhanaozena