Қазақстанда ерекше "валентинкалар" пайда болды

14 ақпан, 14:19

Қазақстанда "Le Shapalaque" жастар командасы елдегі өзекті тұрмыстық және әлеуметтік-саяси тақырыптарға комикстер жасауман айналысады. Команда мүшелері әулие Валентин күнін айналып өтпеді және республиканың әрбір тұрғынына түсінікті болатын әзіл-сықақ ашық хатты таратты.

"Келе жатқан Ғашықтар күнімен, достар!" Өз жартыларыңызға махаббат пен жылу сыйлаңыз (және біздің ашықхаттарымыз)!",- деп жазды Vk парақшасында жігіттер. Суреттер мессенджерлер бойынша лезде тарап кетті, тіпті ғашықтар мен әзілге жақын жандар бір-бірлеріне жарыса жазуда. Айта кетерлігі, Қазақстанда бұрын-соңды мұндай құттықтау картинкалары болған емес.