Бұл туралы Израиль премьері Биньямин Нетаньяху өзінің бейнеүндеуінде түсіндіруге тырысты.
Украинаға сапары барысында премьер-министр мен оның әйеліне үш қыз нан мен тұз ұсынып, қарсы алған. Бұл дәстүрді білетін үкімет басшысы нанды үзіп жеген, бірақ Сара нанды жерге тастай салған болатын. Бірақ премьер жұбайының бұл әрекетін ақтап алды, тіпті жалғастыра беретінін айтты.
"Ол Украина ұлттық түстеріне сай киімді әдейі таңдады. Ұшақтан сары мен көк түсті киіммен шықты. Бұл Украинаға деген құрметін білдіреді", - деді үкімет басшысы.
Оның сөзінше, осы нанға қатысты оқиға болмаса, БАҚ осы сапарын жазбас еді.
"Еркін сауда-саттық аймағы жайлы, Украинаның Иерусалимдегі өкілдігі жайлы келісім, басқа да маңызды жетістіктер әкелген сапарға осылай ғана назар аударта алсақ, бәрі солай болсын... Біз назар аудартатын тәсілді тапқан секілдіміз. Жалғастырамыз", - деді Нетаньяху.