27 ақпан, 17:00
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотында мас күйінде көлік жүргізген жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында мас күйде көлік тізгіндеген ер азаматты Т. Рысқұлов ауылының көшелерінің бірінен полиция қызметкерлері ұстады. Медициналық куәландыруға сәйкес ол жеңіл дәрежеде мас болған.
Анықталғаны, 2018 жылдың сәуір айында жүргізуші масаң күйде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша үш жылға жүргізуші құқығынан айырылған.
Күдікті өз әрекетін толық мойындады. Іс СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу) бойынша тіркеді.
Айта кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап елімізде мас күйінде автокөлік жүргізген жүргізушілерге жаза күшейге заң күшіне енді.