07 ақпан, 13:35
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану қажет екенін еске салады:
- қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- спирттік антисептиктерді қолданыңыз;
- адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу;
- сырқат адамдармен қатынаста болмау;
- суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге бару қажет.
Бұл ретте атап өту маңызды:
- масканы кию тек суық тию белгілері болған жағдайда ғана қажет;
- коронавирусқа спецификалық диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша кеңесті тұрғындарға ѕмѕ хабарлама түрінде таратуды көздеген.
Өкінішке орай, ұялы операторлар ағымдағы жағдайда, яғни короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша ѕмѕ-хабарламаларды таратуда ынтымақтасудан бас тартады.
Атап өту керек, бұл мәселе Қазақстан азаматтарының барлығының әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.
Туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі арқылы Call-орталыққа тәулік бойы қоңырау шалуға болады.