Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Elitar.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы дүниеге келді, жоғары білімді.
2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.
Бұған дейін ол Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.