Елорданың үздік рәміздерін жасау бойынша шығармашылық байқау жарияланды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялайды.
Өз жұмыстарын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау ағымдағы жылдың 27 мамырынан 24 маусымға дейін жүргізіледі.
Әрбір байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.