Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешіктірілуде. Әуежайдың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 20 қаңтар 15.00-дегі жағдай бойынша ұшып шығуға SCAT-тың Алматыға бағытталған екі рейсі және Шымкентке бір рейсі, Qazaq Air-дің Алматы мен Шымкентке бағытталған рейстері кешіктірілуде. Ал ұшып келу үшін: Qazaq Air-дің Өскеменне, SCAT-тың Пхукеттен және Алматыдан келетін екі рейсі кешіктірілуде.