Нұр-Сұлтанда 59 бала "менингит" диагнозымен ауруханаға түскен

11 қыркүйек, 18:10

Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы №3 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Иран Шаметеков мәлімдеді.

"11 қыркүйектегі жағдайы бойынша ауруханада 59 бала "менингит" диагнозымен ем қабылдап жатыр. Оның 53-і вирусты, қалған алтауы бактериалды менингит. Олардың көбі алты 6-7 жастағы балалар, араларында 3 жастағы бүлдіршіндер де жоқ емес. Қазіргі таңда барлық балалардың жағдайы тұрақты", - деді бас дәрігер қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингтке.

Шаметеков брифинг кезінде №30 балабақшадан келіп түскен балалар туралы да айтты.

"Балабақшадан келіп түскен баланың бірі 7 қыркүйекте, екіншісі 8-іне ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда екі бүлдіршіннің де жағдайы жақсы" деп атап өтті ол.