Елордада «QAZFORUM 2020» IV форумы басталды. Аталған шара қазақтілді онлайн контент жасаушылардың қатысуымен өтіп жатыр.
«Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты» тақырыпта өтіп жатқан форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам маман жиналды. Спикерлер қатарында медиа саласында едәуір жетістікке жеткен түрлі БАҚ басшылары мен белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым да бар. Бұл форумға Шымкент пен Түркістан облысынан "Отырар" медиахолдингінің директоры Әйгерім Жұмағұлова қатысуда. Айта кетейік, аталған шара АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен әрі қолдауымен, Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Форумда қазақ тілді БАҚ дамуының жаңа тенденциялары талқыланып, алдағы он жылда интернет пен бүкіләлемдік диджитализация заманындағы дәстүрлі БАҚ-тың рөлі туралы сөз қозғалмақ.