Нұр-Сұлтанда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

24 сәуір, 17:18

Бүгін қалалық әкімдікте өткен кезекті отырыста Бақыт Сұлтанов қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Марат Шорановты таныстырды.

Марат Шоранов 1975 жылы 24 тамызда Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, академик Б. У. Джарбосыновтың урология ғылыми орталығында аспирантураны оқыған, магистратураны Rollins School of Public Health (Emory University) бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Әртүрлі уақыттарда денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық даму департаментінің басшысы, University Medical Center корпоративтік қорының басқарушы директоры болды.