Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жолақысы бір ай 45 теңге болады

18 қараша, 09:30

Нұр-Сұлтанда қоғамдық автобуспен қатынау бағасы 45 теңгені құрап отыр. Жолақыны 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей аласыз. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады. Мұндай акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр екен. Яғни, төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге шегеріледі. Кейін балансқа 45 теңге қайтарылады. Жолақыны төлеу үшін шотта кем дегенде 91 теңге болуы тиіс. Бұл туралы «Astana LRT» компаниясы хабарлады. 45 теңгемен автобуста күніне екі рет жүруге болады. Ал үшінші және одан арғы сапарларыңыз үшін стандартты – 90 теңге төлейсіз. Акция тек қалалық бағыттарда жүреді. Бағасы 180 теңге болатын экспресс-маршруттарда, сондай-ақ ақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік қаламаңы маршруттарында жеңілдік қарастырылмаған.