Елордада «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген» делінген ведомство хабарламада.
Кеше, 4 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Сол үкіммен С.Жұматаеваға пара бергені үшін К.К. Күлтаеваға 200 мың, С.Д. Сығаеваға– 300 мың, И.И. Исамидиновке - 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.