Нұр-Сұлтандық ерлі-зайыпты дөнер дүңгіршегін түңгі уақытта тонамақ болған. Олар дүңгіршекке терезе арқылы кіруді көздеген.
"10 қазанда түнгі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камераларының көмегімен дөнер дүңгіршегіне терезе арқылы кірген ер адамды байқаған. Инспектор оқиға орнына полиция нарядын жіберді. Санаулы минуттарда оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дүңгіршекті тонамақ болғандарды ұстады" деді қалалық полиция департаментіндегілер.
Ұсталғандар Сарыарқа аудандық ПБ-ына жеткізілді. 26 жастағы тұрғын азаматтық некедегі әйелімен бірге ұрлық жасамақ болған. Олардың бұл қылмысқа ішімдік ішіп алғандықтан барғаны белгілі болды. Ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.