Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 80 жастағы қарт мерт болды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Elitar.kz.
«Заречный» тұрғын алабы Ұшқыштар көшесіндегі 2-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына жіберілді. Алайда хабарлама кеш келіп түскендіктен құтқарушылар келіп жетемін дегенше үйдің тұтас өртке оранғаны белгілі болды.
"Өртпен күрес барысында газ-түтіннен қорғау қызметі үй ішін тексеріп, 1939 жылы туған ер адамды алып шықты. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Алада зардап шегуші медициналық көлікте көз жұмды. Одан өзге тұрғын үйден 1992 жылы туған әйел мен 2010 жылы туған қыз бала құтқарылды. Олар №1 қалалық аурухана мен №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Өртті сөндіруге 4 техника мен 22 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Оқиға себептері анықталып жатыр", - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.