Сейсенбі, 28 мамыр күні Нұр-Сұлтанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің - Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей көшбасшылары келді. ЕАЭО жоғары кеңесінің мерейтойлық отырысын мемлекет басшылары деңгейінде өткізу жоспарланған.
Саммит Тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
еуразиялық интеграция туралы идеясының
25-жылдығына орайластырылып отыр.
Назарбаев
1994 жылы мемлекеттердің Еуразиялық
одағын құруды, яғни посткеңестік
кеңістікте жаңа интеграциялық бірлестікті
қайта жаңғыртуды ұсынған болатын.
ЕАЭО
елдерінің көшбасшылары келген соң
Нұрсұлтан Назарбаев және Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулер
өтті.
Бұған дейін Тоқаев Ресей,
Белоруссия және Қырғызстан президенттерін
— Владимир Путинді, Александр Лукашенконы
және Сооронбай Жээнбековті "Қазақстанның
Тұңғыш Президенті — Ұлт Көшбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен
марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған
болатын.
Барлық үш награданы Елбасы
жеке өзі табыс етті.
Саммиттің
негізгі шаралары сәрсенбі күні өтуде.
Отырыстың мерейтойлық күн тәртібінде:
осы және одан кейінгі екі жылға арналған
макроэкономикалық стратегия, тауарлар
мен қызметтер нарықтарын ырықтандыру,
сауда, өнеркәсіп, қаржы және әлеуметтік
саясат салаларындағы ынтымақтастық
мәселелері қаралады.