Нұрлан Ноғаев тоңазытқышта шетінеген сәби туралы: Кінә дәлелденсе, жауапкершілікті өзіме аламын

14 қазан, 11:00

​Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласындағы перинаталдық орталықта болған сәби өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы оқиғаны ескере отырып, бұған дейін ешқандай шара қабылданбады деп ойламау керек. Бірқатар шара жүргізілді. Өкінішке қарай, қайғылы оқиға болып, оның соңы нәрестенің шетінеуіне алып келді», - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында. Нұрлан Ноғаевқа осы кезде «Тексеріс нәтижесінде дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, жауапкершілікті өзіңізге ала аласыз ба?» деген сұрақ қойылды. «Ала аламын», - деді облыс басшысы.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысындағы перинаталдық орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

ФОТО: Altyn-оrda.kz