Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын ашты

29 сәуір, 16:00

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Бүгінгі сессияның күн тәртібі - "бейбітшілік пен келісімнің формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту". Сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясының 487 мүшесі қатысады. Қажетті кворум бар, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 27-ші сессиясын ашық деп жариялаймын",-деді Назарбаев.

Сессия жұмысына 1 500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында Ассамблея мүшелері мен ардагерлер, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, әкімдіктердің, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері және басқалар бар.

Сессия соңында «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концерт болады. Онда қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ән шырқайды.