Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға келіп, өз таңдауын жасады

09 маусым, 11:26

Елбасы елордалық Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Біздің елімізде барлық демократиялық мемлекеттердегі сияқты билік ауысып, жаңа ұрпақ жаңа оймен келуі тиіс. Олар Қазақстанды жаңа биіктерге жетелейді. Менің өкілеттігін тоқтату туралы шешімім бүкіл әлемде мақұлдаумен қабылданды. Мен Қазақстан дұрыс жасады, демократиялық жолмен, тыныш, пертурбациясыз билік транзитін жүргізеді деп санайтын көптеген мемлекеттердің көшбасшыларынан хаттар мен қоңыраулар алдым. Бүгінде бүкіл халық Қазақстандағы 10 мың учаскеде жаңа Президентті таңдау үшін дауыс береді", — деді Елбасы.

Ол барлық қазақстандықтарға амандық тіледі.

Дауыс беру сағат 07.00-де 8 023 сайлау учаскесінде басталды. 20.00-де аяқталады.

ҚР ОСК мәліметі бойынша, аталған учаскелердің тізіміне енгізілген сайлаушылар саны 9 млн 627 мың 73 адамды құрайды.

Президент сайлауына қатысуға өз кандидатурасын жеті адам ұсынды.