Мәжілісмен Нұржан Әлтаев өзіне әлдекімдер қоқан-лоққы көрсетпек болғанын айтты

15 мамыр, 16:30

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлімдеме жасады. Соңғы кезде депутат ауыл шаруашылығындағы түйткілді мәселелерді үкіметтік деңгейде көтеруде белсенділік танытып жүргені белгілі.

Ол пленарлық отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа бірқатар депутаттар атынан депутаттық сауал жолдап, «Сыбаға» бағдарламасының жүзеге асырылуындағы бірқатар кемшіліктерді көрсетіп, ұсыныстар айтқан болатын. Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бойынша шенеуніктердің малды шетелден алу қажет деген талабы шаруаларға ұнаған жоқ. Бұл тасымалдау тұрғысында артық шығын әкеледі дейді олар...

"Бүгінгі күні ата кәсіп - мал шаруашылығын мықтап қолға аламын деп талпынып отырған үлкенді-кішілі шаруашылықтар өте көп. Солардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет,"-деп жазды шаруалардың талабына қолдау білдірген депутат өз парақшасында.

Дегенмен мәжлісменге «әлдекімдер» ескерту жасап, оған қатысты ақпараттық шабуыл ұйымдастыруға бекінген көрінеді.

"Кеше мені Мәжіліс депутаты лауазымындағы белсенді қызметіме байланысты жақын арада маған қарсы ақпараттық шабуыл болуы мүмкін деп ескертті.

Ақпаратқа сәйкес, кейбір адамдарды менің соңғы жасаған сұранысым қорқытыпты.

Мен олардың қаншалықты ұзаққа баруға дайын екенін білмеймін, бірақ олар ақша мен уақытты босқа шығындайтын болады, мені бұлай қорқыта алмайтынын бүкіл жауапкершілікпен мәлімдеймін»,-деп жазды мәжілісмен Нұржан Әлтаев.


Сондай-ақ, алдағы уақытта қарапайым ауыл тұрғындары мен фермерлерді алаңдататын мәселелерді көтеруді жалғастыра беретінін жеткізді.

"Алдағы оқиғалар қалай өрбитінін бақылайтын боламыз",-деп түйіндеді ол соңғы жазбасын.