Әнші Гауhар Әлімбекова сотта ақталып шықты

11 сәуір, 13:52

Алаяқтығы үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған Гауhар Әлімбекова бүгін, 11 сәуір күні Алматы қаласында өткен апелляциялық сотта ақталып шықты.

"Гауhар Әлімбекованың айыбы дәлелденген жоқ. Оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім өзгертілсін. Ақталсын",-деді сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 30 қантар күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алимбекова Гауһар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған болатын.