Әнші Назима ауруханаға түсіп қалды

11 қазан, 16:20

Black Star лейблінің әншісі Назима Жәнібекова ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

Денсаулығы сыр берген Назима Жәнібекова Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтетін кешін кейінге қалдырып отыр.

«Әлеуметтік желіден неге жоғалып кеткенімді түсіндіргім келеді. Мені ауруханаға жатқызды. Сондықтан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтуі тиіс концерттер 18-19 қазан күндеріне шегерілді. Маған түсіністік танытуларыңызды сұраймын. Біз міндетті түрде кездесеміз. Әзірге мен жазылу үшін тыныштыққа кеттім», - деген әнші ауруханада әлі бес күндей ем қабылдайтынын айтты.