Әнші Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында танымал журналистпен шаңырақ көтерді

27 тамыз, 13:32

Бұл туралы ақпарат ең алдымен интернет желісінде пайда болды.

Қуандық Ешмет есімді азамат Instagram желісіндегі парақшасында хабарлағандай, той кеше, 26 тамызда Алматы қаласында өткен.

"Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын!", - деп жазған Қуандық Ешмет.

Нұрғали Нүсіпжанов - 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Қалыңдықтың есімі Жадыра Сейдеш. Ол танымал журналист, КТК телеарнасы арқылы халыққа жақсы таныс "Жүрекжаржы" бағдарламасының жүргізушісі.

Дереккөздердің хабарлауынша, Нұрғали Нүсіпжановтың алғашқы некесінен 5 қызы бар.