Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Апат өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы Ремизовка көшесінде орын алды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйде жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Porsche-мен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Porsche жолаушысы дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта бұл факт Бостандық ауданы ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінде тексерілуде. Тиісті сараптамалар жүргізілетін болады", - деп хабарлады полициядан.