Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

16 қаңтар, 13:02

Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Әнуар Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын, 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1985-1987 жылдары әскери қызметтен өтіп,1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Содан бері түрлі әскери және басшылық лауазымдарда отырған ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарып келді.