"Nur Otan" партиясы Қазақстан президенттігіне кандидатты 23 сәуірде ұсынады

11 сәуір, 12:07

23 сәуірде "NurOtan" партиясының съезі өтеді. "Съезд 2019 жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтанда өтеді", - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

"Бізге партияның съезін өткізу керек, онда алдағы президент сайлауына кандидатураны ұсыну керек. Партия аппараты съезді дайындау бойынша барлық қажетті жұмысты жедел жүргізуі тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.