Nur Оtan партиясының Саяси кеңес бюросының отырысы қашан өтетіні белгілі болды

21 ақпан, 11:15

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтанда Nur Оtan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясының Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу туралы Қаулыға қол қойды» делінген хабарламада.

Ал 18 наурызда партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.