"ТКШ ҚазОрталығы"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

16 қаңтар, 12:14

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Президенттік Жастар кадрлық резервінің Нұрбек Серіков тағайындалды.

Бұған дейін ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Нұрбек Нұржанұлы 1989 жылы Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ менСолтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің (Тюмень қ.) және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.