Нұрсұлтан Назарбаев әуе апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

27 желтоқсан, 11:18

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

"Алматы қаласының әуежайынан ұшып шыққан "Bek Air" авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған құрбандар мен зардап шеккендер туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің барлығына тез арада сауығып кетуді тілеймін", - делінген жеделхатта.