Өзінің "Шексіз өмірі" туралы Ник Вуйчич Алматыда өткен тренинг кезінде ғана емес, Шымкент қаласының ерекше қызына да айтып берді.
26 жастағы Заретта Құрманғожинова 1-топтағы мүгедек және балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол бүкіл әлем бойынша адамдардың жаңа мақсаттарға шабыттандыратын әлемге әйгілі австралиялық мотивациялық оратормен кездесу туралы армандаған.
Заретта Никтің өте қызықы әңгімелесуші екенін және қажет кезде адамға күш беретін әдемі сөздерді таба алатынын алға тартты.
«Мен рухты қызбын. Өмірден түңілген жандарға мотивациялық кеңестер беруге дайынмын. Жастарға арналған түрлі жобалармен, спортпен айналысып, өз өмірімді қызықты етуге тырысып келемін",-дейді Заретта.
Айта кетейік, бойжеткенге әлемге белгілі Ник Вуйчичпен әңгімелесіп қана қоймай, онымен естелік суретке түсу мүмкіндігі де туыпты.