Коронавирустан көз жұмған қарағандылық 62 жаста болған

01 сәуір, 15:43

30 наурыз күні Қарағанды қалалық ауруханасына 62 жастағы ер адам келіп түскен. Тұрғын екі жақты пневмониямен өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Бұған дейін ол медициналық көмекке жүгінбеген. Реанимацияда оған белгіленген қауіпсіздік хаттамасына сәйкес барынша көмек көрсетілді. Өкінішке орай, дәрігерлердің көмегі науқастың өмірін сақтап қала алмады, ол таңғы сағат 7-де қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, онымен байланыста болған барлық адамдар анықталды және жабық карантинге орналастырылады.