Boeing бөлшектерінде ақаулар анықталды

03 маусым, 10:53

Бойнг компаниясы өз ұшақтарының бөлшектерінен ақаулар анықтаған. Бұл туралы АҚШ Азаматтық авиация Федералдық басқармасының (FAA) сайтында хабарланды.

Ақаулар бүкіл әлем бойынша Boeing 737 NG және Boeing 737 MAX модельдерінің 312 ұшағының алдыңғы қанат тұсынан табылды. Жарамсыз бөлшектер дұрыс жасалмағандықтан беріктілік стандарттарына сәйкес келмеуі, ұшақтардың мерзімінен бұрын тозуы және зақымдауына алып келуі мүмкін.

Бүгінгі таңда компания үшін жабдықтаушылар дайындаған 148 ақаулы бөлшектер табылды,сондай-ақ ақауы бар ұшақтардың сериялық нөмірлері анықталды. Ведомство Boeing он күн ішінде ақаулы бөлшектерді жоюы қажет деген ұйғарым шығарады.

Тек соңғы жарты жылда әлемде Boeing 737 MAX қатысуымен екі әуе апаты тіркелді, онда 346 адам қаза тапты. Жолаушылар қаза тапқан соңғы апат 10 наурызда Эфиопияда орын алды. 2017 жылдың қазан айынан бастап бүкіл әлем бойынша ұшқыштар Boeing 737 MAX ақаудың 23 жағдайын тіркеді.