"Нұр-Сұлтан» полицейлері дәмханаларда алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоюды ұсынды

04 сәуір, 16:00

"Нұр-сұлтан" қалалық әкімшілігіне жергілікті полиция түнгі 23.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында алкогольге шектеу енгізуді ұсынды. Сатуға тыйым салу туралы ұсыныс енгізуге жүргізушілердің мас күйде ЖКО-на жиі ұшырайтыны себеп болған.

"Біз мейрамханаларда, барларда, дәмханаларда алкогольді өнімдерді сатуды сағат 23.00 - ден 08.00-ге дейін шектеу туралы ұсыныс жібердік", - деп хабарлады полиция департаменті қызметі, жергілікті полиция басқармасының бастығы Нұр-сұлтан Госман Жакин.
Жергілікті полиция басқармасы бастығының мәліметінше, түн ауғаннан таңғы сағат 6.00-ге дейінгі кезеңде құқық бұзушылық туралы қоңырау көп шалынады. Соңғы үш айда 3 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.

2019 жылдың басынан бері елордада ата-анасының бақылауынсыз 18-ге толмаған тұлғалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болу фактісі бойынша 115 әкімшілік хаттама толтырылған.