Арыстан 3 мың тоннаға жуық оқ-дәрі шығарылды

25 шілде, 14:59

Бұл туралы Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасай отырып Elitar.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығының жай-күйі, сондай-ақ Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпаратты тыңдады. Атап айтқанда, Президентке аумақты оқ-дәрі элементтерінен іздеу және тазарту жөніндегі шаралар туралы, Арыс қаласында әскери қалашықтың қызметін қалпына келтіру туралы баяндалды. Қорғаныс министрінің айтуынша, қазіргі уақытта әскери арсеналдарда орналасқан қоймалардан қауіпсіз орындарға шамамен үш мың тоннаға жуық оқ-дәрі шығарылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жөніндегі барлық жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ құтқару және қалпына келтіру жұмыстары барысында қаза тапқандарды, айрықша көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Қазақстан аумағында өтетін алдағы әскери шараларға дайындық барысы туралы хабардар етілді.