Валюта:
  • USD / KZT - 511.92
  • EUR / KZT - 588.91
  • RUB / KZT - 6.44

    Оралда өгей әкесін ұрып өлтірген жасөспірім қыз 9 жылға сотталды

    23 қаңтар, 12:35

    БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 10-сыныпта оқитын қыз бен оның досына қатысты сот үкімі оқылды.

    17 жастағы Ирина Лапина мен оның 19 жастағы досы Нұрхан Мақсот ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы (адамдар тобымен қасақана адам өлтіру) бойынша айыпты деп танылды.

    Оралдағы кешкі мектептердің бірінің 10-сыныбында оқыған Ирина Лапина мен досы Нұрхан Мақсоттың айыптары толықтай дәлелденген. Сот үкімімен жас жігіт 15 жылға, ал оқушы қыз 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың тамызында Орал қаласына қарасты Коминтерн кентінде орын алды. Сотталушының анасы түн ортасында қызына хабарласып, азаматтық некедегі күйеуінің мас күйінде жанжал шығарып, 4 жасар қызы екеуін далаға қуып жібергенін айтқан. Бәйтерек ауданындағы мектептердің бірінде досымен бірге жүрген Ирина Лапина досы Нұрхан Мақсотпен дереу анасының үйіне қарай жолға шығып, 40 жастағы өгей әкесіне қол көтереді. Жас жігіт сөмкесіндегі қолшалғысын алып, үшкір тұсымен ер кісінің иығынан ұрады. Кейін олар ер кісіні сол үйде қалдырып, өздері таныстарының үйіне кетеді. Бірақ түнгі сағат 03.00-тер шамасында Ирина Лапина досымен бірге қайта оралып, өгей әкесін оятып, анасынан кешірім сұрауын талап етеді. Алайда бұл кезде тағы да жанжал туып, ер кісі түрлі ауыр соққы салдарынан оқиға орнында көз жұмды.