Оралда қоқыс контейнерінен табылған өлі шақалақтың анасы табылды

07 қазан, 17:05

Кеше Орал қаласындағы Құрманғазы көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласындағы қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған болатын. Оның ішінде целлофан пакетке салынған жаңа туған нәрестенің өлі денесі болған. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімітенші, шақалақтың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғыны сәбидің анасы деген күдікпен ұсталды. Оның төрт баласы бар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде.