​Оралда сабақ кезінде жағдайы нашарлап кеткен оқушы ауруханада көз жұмды

26 желтоқсан, 17:25

Оқиға 25 желтоқсан күні Оралға қарасты Асан елдімекеніндегі орта мектептің бірінде болған, деп хабарлайды Elitar.kz.

10 жастағы оқушының жағдайы дене шынықтыру сабағынан соң нашарлап кеткен. Кешкі сағат алтылар шамасында жедел жәрдем қызметіне шақыру тсіп, ақ халаттылар санаулы минуттар ішінде мектепке келіп жеткен. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген оқушы жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Баланың неден қайтыс болғаны белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ФОТО: Progomel.by