Оралдық келіншек пәтер аламын деп 5,8 млн теңгесінен айырылып қалды

01 қазан, 10:05

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Круглоозерный кентінің тұрғыны, 1989 жылы дүниеге келген күдікті оралдық келіншектің сеніміне кіріп, сотта кепілдікте тұрған пәтерді алып беремін деп алдаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 5,8 млн теңгені құрады. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) іс қозғалды. Күдікті ұсталды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.