Оралда полиция қызметкері көлігімен мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Оқиға Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында орын алды. "Нива" автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жолдан жүгіріп өткен баланы қақпаудың барлық амалын жасапты. Қазіргі таңда 11 жастағы баланың жағдайы жақсы. Оқиға орын алған жерге жедел жәрдем қызметі 6 минутта жеткен. Оқушыны қараған дәрігерлер оны ауруханаға жатқызудың қажеттілігі жоқ деп шешіп, амбулаториялық ем қабылдауға жолдады.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі орын алған жайтты растады. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүргізілуде. Көлік тізгіндеген ер азамат ешқандай спирттік ішпегені анықталған. Жолға жүгіріп шыққан баланы қақпау үшін көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, екі ортадағы арыққа түскен. Дегенмен баланы көлік айнасы соғып өткен.