БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Шаған полиция бөліміне автокөліктерін әлдекімнің айдап кеткені жөнінде тұрғындардан арыз көбейіп кеткен.
"Жедел іздестіру шаралары барысында Круглоозерный кентінің 1994 жылғы тұрғыны ұсталды. Ол жауап алу кезінде Орал қаласы мен Зачаган кентінен тоғыз бірдей автокөлікті ұрлағанын мойындады. Бұл жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" делінген департамент хабарламасында.
Белгілі болғаны, күдікті автокөліктерді түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін айдап кетіп отырған. Алдымен ол көліктердің терезесін шағып, сосын жанар-жағар майы таусылғанша айдап, кейін келесі машинаға ауысуға дейін барған.
Көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.