​"Ордабасы" турнир кестесінде төртінші орынға түсіп қалды

01 сәуір, 17:00

"Ордабасы "футбол клубы қазақстандық Премьер-лиганың ІІІ турында көкшетаулық" Оқжетпеспен " тең ойнады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қазақстанның елордасы — Нұр-Сұлтанда ойын тең аяқталды. Осылайша, Кахабер Цхададзенің шәкірттері жаңа маусымда алғаш рет ұпайдан айырылды. Турнир кестесінде Шымкенттің бас командасы 7 ұпаймен 4-орында, ал "Оқжетпес" 10-орында тұр. "Тобыл" бұрынғысынша көшбасшы болып қала береді. Үш матчта қостанайлықтар бірде-бір рет жеңіліске ұшырамады.

"Ордабасы" келесі кездесуін 6 сәуір күні өткізеді. Шымкент футболшылары өз алаңында талдықорғандық "Жетісу" командасын қабылдайды.