Қосанов Тоқаевты жеңісімен құттықтады

10 маусым, 11:30

"Ұлт тағдыры" атынан Президенттікке үміткер болған Әміржан Қосанов Қасым-Жомарт Тоқаевты Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде құттықтады, деп хабарлайды Еlitar.kz.

"Мен жеңіспен құттықтағым келеді және оның қоғам мен билік арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы сөздері бос сөз болмайды, іске асырылады деп ойлаймын.", — деді Әміржан Қосанов.

"Қоғамдық пікір" институтының Exit poll нәтижелері бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады. Әміржан Қосанов 15,39 пайыз көрсеткішпен екінші орында.