ОСК алау тосса өшіп кететін сияға қатысты түсінік берді

10 маусым, 16:31

Әлеуметтік желілерде жарияланған алау тосқанда өшіп кететін сия мен алдын ала дайындалған бюллетендер туралы видео жалған деп жауап берді ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина. Бұл туралы Zakon.kz жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Қазіргі уақытта дауыстарды санауға байланысты бірде — бір заң бұзушылық Орталық сайлау комиссиясына, аумақтық сайлау комиссияларына келіп түскен жоқ", - деді Қазақстан ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Заң бұзушылықтар түсірілген видеолар туралы сұраққа ол мұның бәрі жалған деп жауап берді.

"Жалған жаңалықтар көп. Кез келген нәрсені жаза салады, журналистер, менен гөрі мұны сіздер жақсы білесіздер. Бізде мұндай фактілер болған жоқ. Жалған жаңалықтар қайда түсіріледі? Оның бәрі қойылымдар", — деді Баймолдина.

Бұдан бұрын ол аз ғана заң бұзушылықтар туралы айтқан еді.

Сайлау заңды өтті деп санауға бола ма деген сұраққа жауап бере отырып, Баймолдина:

"9 968 учаскелік комиссия бар бізде. Қаншама азамат дауыс берді, оны естідіңіздер. Бұл (заң бұзушылық) — теңіздегі тамшыдай ғана", - деп қорытындылады Баймолдина.