ОСК Президент сайлауына халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді

13 мамыр, 12:00

​2019 жылғы 13 мамырда Орталық сайлау комиссиясы «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Elitar.kz ҚР ОСК-не сілтеме жасай отырып.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Хамитқызы Баймолдина өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында 22 байқаушының аккредиттелгенін хабарлады.

Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады.

Сонымен, бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді.